Білім беру ісіндегі бағыты: «Ертеңгі ел тұтқасы, бүгінгі мектеп шәкірті- жеке тұлғаның білім алуын, ізденіс, тәрбиесін қазіргі өркениет талабына сай жаңа үрдісте ұйымдастыруы»
Мақсаты: Жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Мектептің өсу сатысы:
- 2006-2008ж педагогикалық ұжым қалыптасуы, оқу-тәрбие жүйесінің
- жан-жақты құрылымы
- 2008-2009ж мектеп-гимназиясы мәртебесіне ие болуы,
- 2011ж мектеп-гимназиясына өңіріміздің мақтанышы,
математика- физика ғылымдарының докторы, профессор
- - 2006ж, тамыз айы- мектептің құрылуы
-
Тайманов Асан Дабысұлы есімі берілуі
Негізгі ерекшелігі: көппрофильді гимназия
Бастауыш саты
1-4 сыныптар аралығы -25 сынып
Негізгі саты:
5-9 сыныптар аралығы-24 сынып
Жоғарғы саты:
10-11 сыныптар- 4 (жаратылыстану – математика бағыты және гуманитарлық бағытта)
Педагогикалық ұжымның әдістемелік тақырыбы: «Білім бәсекесіне қабілетті тұлғаға бағытталған оқыту негізінде педагог кадрлардың кәсіптік шеберлігі мен құзырлылығын үздіксіз жетілдіру»
Мақсаты:
- бейінді білім алуға негіз сала отырып, білім бәсекесіне қабілетті тұлға дайындау,
- 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында педагог кадрлардың кәсіби біліктілігі мен даярлығын ұйымдастыру, үйлестіру және басшылыққа алу
Күтілетін нәтиже:
- Жаңа технологияларды еркін меңгерген кәсіби құзырлы педагог кадрлар арқылы жоғары сапаға жету