Білім беру ісіндегі бағыты: «Ертеңгі ел тұтқасы, бүгінгі мектеп шәкірті- жеке тұлғаның білім алуын, ізденіс, тәрбиесін қазіргі өркениет талабына сай жаңа үрдісте ұйымдастыруы»
Мақсаты: Жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Мектептің өсу сатысы:
Негізгі ерекшелігі: көппрофильді гимназия
Бастауыш саты
1-4 сыныптар аралығы -25 сынып
Негізгі саты:
5-9 сыныптар аралығы-24 сынып
Жоғарғы саты:
10-11 сыныптар- 4 (жаратылыстану – математика бағыты және гуманитарлық бағытта)
Педагогикалық ұжымның әдістемелік тақырыбы: «Білім бәсекесіне қабілетті тұлғаға бағытталған оқыту негізінде педагог кадрлардың кәсіптік шеберлігі мен құзырлылығын үздіксіз жетілдіру»
Мақсаты:
- бейінді білім алуға негіз сала отырып, білім бәсекесіне қабілетті тұлға дайындау,
- 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында педагог кадрлардың кәсіби біліктілігі мен даярлығын ұйымдастыру, үйлестіру және басшылыққа алу
Күтілетін нәтиже:
- Жаңа технологияларды еркін меңгерген кәсіби құзырлы педагог кадрлар арқылы жоғары сапаға жету
Толық атауы | Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №34 мектеп-гимназиясы |
Пайдалануға берілген мерзімі | 2006 жыл |
Оқыту тілі | қазақша |
Мектеп ғимараты | 1296 оқушыға есептелген. Мектеп ғимараты шаррты түрде 4 блокқа бөлінген |
Мекен-жайы | Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы, Северо-Восток 29. жұмыс телефоны: 26-84-52, факс: 26-84-52. |
Мектептің статусы | мемлекеттік мекеме (куәлік сериясы №903 25.05.2006 жыл) |
Мектептің проблемалық бағыты: | «ХХІ ғасырдағы шәкірттердің білім алуын, ізденісін, тәрбиесін әлемдік өркениет талабына сай ұлттық үрдісте ұйымдастыру». |
Мектеп-гимназия кешенінің құрамы: | 47-оқу кабинеті, 4-шеберхана кабинеті, көркем өнер студиясы, емхана, спорттық алаңдар. |