Ғылыми-тәжірибелік конференция
Бүгін мектебімізде «Білім бәсекесіне қабілетті тұлғаға бағытталған оқыту негізінде педагог кадрлардың шеберлігі мен құзырлылығын үздіксіз жетілдіру» тақырыбында педагогтердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы оздырылды.
Бұл ғылыми-тәжірибелік конференция бағдарламасы келесі бағыттар бойынша 4 секция жұмысын қамтыды:
1. Жаңартылған бағдарламалар бойынша бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері.
2. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жаратылыстану-м
атематикалық пәндерінің оқыту әдістемесі: оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары.
3. Қоғамдық-гуманитарлық пәндерінің оқыту әдістемесі: көптілділік – полимәдениетті тұлға қалыптастыру негізі.
4. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың өнертану мәдениетін дамыту, салауатты өмірге тәрбиелеу әдістері.
Конференция қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
29.03
0