Әдістемелік кеңес
28 наурыз күні мектебімізде «Мұғалімдерге жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру және өгеріс енгізуде қолдау көрсету» тақырыбында кезекті әдістемелік кеңесі өткізілді. Бұл әдістемелік кеңесте карусель әдісі қолданыла отырып, «Мұғалімдерге оқыту тәжірибесінде өзгеріс енгізу. Жоспарлау. Ықшамсабақ», «Сабақты зерттеу – білім беру бағдарламасы мен инновацияларды енгізудегі тиімді элемент», «Білім сапасын арттыруда интербелсенді оқыту әдістерін пайдалану жолдары», «Мұғалім қызметіндегі педагогикалық рефлексия» тақырыптары қамтылды.
Әдістемелік кеңес қорытындысы бойынша ұстаздар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, өз тәжірибелерін толықтырғандарын да айта кетті.
28.03
0