Математика, информатика және физика пәндері апталығы
Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Бұл талаптардың орындалуы үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеуден басқа, сыныптан тыс жұмыстарда жүзеге асырылуы керек. Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты - пәндік апталық болып саналады. 30 қаңтар мен 4 ақпан күндері аралығында мектепте математика, информатика және физика пәндер апталығы өткізілді. Апталық барысында түрлі ашық сабақтар, ертегілер сайысы, сыныптан тыс шаралар, робот технологиясы, макет бойынша көрмелер ұйымдастырылды және нәтижелері бойынша оқушылар марапатталды.
05.02
0