Жыл сайын әлемнің 200-ге тарта елі атап өтетін Денсаулық күні біздің мектебімізде ерекше қарқында аталып өтті.
Бүгін мектебімізде Денсаулық күні болып өтті. Жыл сайын әлемнің 200-ге тарта елі атап өтетін бұл күн біздің мектебімізде де ерекше қарқында аталып өтті. Бұл күн таңғы жаттығулардан бастау алып, жоспарланған келесі спорттық іс-шаралармен жалғасты:
- Флешмоб 3-10 сыныптары аралығында;
- 3-4 сыныптар аралығында пионербол;
- 6-7 (ұлдар)сыныптар арасында баскетбол;
- 6-7 (қыздар) сыныптар арасында эстафета;
- 8 сыныптар арасында Кросс 1000 м;
- 9 сыныптар (ұлдар) арасында футбол;
- 10 сыныптар арасында ұлттық ойындар, қол күресі, арқан тарту;
- Әр сыныптан 2 ата-анадан волейбол.
Аталған денсаулық күні қызықты өтіп, жарысқа қатысқандар марапатталды. Осы шараны ұйымдастырған дене шынықтыру бірлестігіне және сынып жетекшілерге алғысымызды білдіреміз.
24.09
0