1 қыркүйек күні мектебімізде білім күніне арналған "Алғашқы қоңырау" салтанатты жиыны болып өтті.
1 қыркүйек күні мектебімізде білім күніне арналған "Алғашқы қоңырау" салтанатты жиыны болып өтті. Жиынға Батыс Қазақстан Облысының әкімінің орынбасары – Қонысбаева Бибигүл Тишанқызы, «Мәңгі Қазақ Елі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы – Танабаева Жаннат Изимбергенқызы, Орал қалалық маслихатының депутаты -Ермекқалиев Амангелді Жұмағалиұлы, Қалалық білім бөлімі тәрбие секторының бас маманы - Бержанова Ақиіс Базарбайқызы, Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы - Искандарова Хажарбибі Кадырқызы , БҚ Білім саласын бақылау департаментінің бас маманы – Есенжанова Анар Санатқызы қатысып, оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, өз лебіздерін білдірді. Кеш барысында «Шұғыла» бишілер тобы би билеп, гимназия оқушыларының орындауында «Қазақстаным» әні шырқалды. Мектеп басшысы жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, алдағы оқу жылында бірлігімізді жарастырып, білім бәсекесінде мықты болуға шақырды.
01.09
0