«БАЛДАУРЕН» - ЖАЗҒЫ МАУСЫМ
Маусым айының 1 –жұлдызынан бастап тамыз айының 18-ші күні аралығында мектебімізде «Балдәурен», «Балауса», «Балдәурен лагерінің ІІІ кезеңі» атты жазғы тынығу лагерьлері және «Рахат» атты күркелі лагері ұйымдастырылған болатын. Лагерьлерге мектеп бойынша 440 оқушы қамтылды. Оқушыларға лагерь кезеңдері таныстырылып, балалардың қауіпсіздігіне жауапты тәрбиешілер, мәдени шара ұйымдастырушы мен музыкалық жетекшілікке қызметкер, спорттық шара ұйымдастырушы қызметкер және тынығу бөлмелерінің тазалығы мен санитарлық –эпидемиялық талаптарды сақтаушы кіші қызметкерлер мен мектеп медбикесі қамтылды.
Әр лагерьде бір қатарға сап түзеп, жүздері бал-бұл жанған балғындар өздерінің топтарын таныстырудан бастады. Лагерьдің барлық кезеңдері бойынша көптеген іс-шаралар мен қаламыздың назар аударарлық орындарына саяхаттар ұйымдастырылды. Айта кетсек: «Қош келдің әдемі жаз» лагердің ашылу салтанаты, «Бақытты балалық шақ» тақырыбында асфальтқа сурет салу, «Достасу, танысу күні» балаларды топтарында бір бірімен танысу мақсатында түрлі ойындар, тренингтер, «Дос болайық бәріміз» тақырыбында барлық топ балаларына арналған жұлдызды сәт, Орал қалалық экологиялық мұражайына саяхат, «Кітаппен өткен жаз қызық» күні Орал қалалық көру қабілеті нашар балаларға арналған кітапханасына саяхат, Орал қаласының «Жас натуралистер орталығына» саяхат, «Менің досым» күні балалармен Орал қаласының Чаплин атындағы балалар кинотеатрына және «Ертегілер күні» күні «Қазақ драма театрына» барып, «Сенімді дос» ертегісін тамашалаулары, «Досыма арнау» тақырыбында шығармалар сайысы, «Лагерь сұлтаны», «Би марафоны», «Қызықты шақ» күні Облыстық мәдениет және өнер орталығына саяхат, «Білегенге маржан» интеллектуалды жарыс, «1001» жұмбақ сайысы, «Лагерь аруы» және тағы да басқа көптеген шаралар ұйымдастырылған болатын. Лагерь соңында, балалар өткен қызықты күндерді еске алып, өз әсерлерімен бөлісіп, шексіз алғыстарын білдірді.
28.08
0